Семейде жүзден астам тақтайша қайта жаңартылып, бірақ бәрінде қоғам қайраткерлерінің тегі қате жазылған — «Л» әрпі түсіп қалған.

Жауаптылар олқылықты дереу жоюға уәде берді. Айтуларынша, қателік байқаусызда болған. Сондықтан мердігер мекеме есебінен сауатсыз жазылған тақтайшаларды түгел ауыстырамыз дейді әкімдіктегілер.

«Жіберілген қатені түзеп, Сейфуллин көшесіне қайтадан тақтайша ілеміз. Конкурсты ұтып алған мердігер ұйым қалпына келтіреді», — деді Семей ТКШ бөлімінің маманы Қанатжан Жылқыбаева.

Фото: КТК

Отправить комментарий