Сенат депутаты «Хутор» бандасының басшысы делінген Хасанның туысы болып шықты
Мұны депутат Жанболат Жөргенбаевтың өзі растады. Алайда ол Хасан мен оның бауырларына ешқандай көмек көрсетпегенін айтты.
Депутаттың сөзінше, ол Қасымбаевпен алыс туыстар жиналатын отбасылық тойларда, ас кезінде ғана кездесіп қалған.
Сондай-ақ Талғар ауданы аппаратының экс-басшысы Аслан Қасымбаевты өз қызметінде алып қалу үшін ештеңе істемегенін айтты. Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу барысына ықпал етуге тырыспайтынын жеткізді.
Отправить комментарий