ШАРДАРАДА БАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҮГЕРІ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАҢАША БАҒЫТТА ДАМИ ТҮСЕДІ
Түркістан облысында балық шаруашылығы қарқынды дамуда. Мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Шардара ауданындағы «Хамит» АӨК-нің балық өндіру зауытына барып, жұмыс барысымен танысты. Кәсіпорын иесі Бақытжан Серманизов өндіріс үдерісін баяндады.
Бұл – облыстағы ең ірі балық өңдеу зауыты. «Хамит» кооперативі жылына 2 мың тонна балық өндіреді. Зауытта 250 адам жұмыс істейді, орташа жалақы – 120 мың теңге. Мұнда мұздатылған балық пен филе өндіріледі, өнімдері Ресей, Италия, Бельгия, Англияға экспортталады. Жылдық өнім көлемі – 400 млн теңге.
Айта кетейік, Түркістан облысы балық шаруашылығы бойынша елде бірінші орында. Облыста тауарлы балық өсіретін 231 шаруашылық бар, оның 160-ы заңдастырылған. Әкімдік балық шаруашылығын дамыту үшін семинарлар өткізіп, инвесторлар тартуға басымдық беруде. Арнайы жұмысшы топ кәсіпкерлерді қолдау бағытында жұмыс істеп жатыр.





Отправить комментарий