Шымкент әкімі аяқдопшы Асхат Тағыбергеннің көпмиллиондық жалақысы туралы айтты

Қазақстан құрамасының және «Ордабасы» клубының капитаны Асхат Тағыберген ұлттық құраманың ең қымбат он ойыншысының қатарына кіреді. Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Асхаттың ойыны төмендеп кеткенін ашық мәлімдеді.

«Бізге «батпаққа» батқан команданы қалдырды. Футболшылардың орташа жалақысы – 15 миллион теңге. 

Асхат Тағыберген енді ойнай алмайды, бірақ кеткісі де келмейді, жай ғана отыр. 

Ашық айтамын, оның жалақысы – 20 миллион теңге. Бұл жағдайға қатысты мен ештеңе істей алмаймын», – деді әкім.

Отправить комментарий