Шымкентте 6 баланы ит-мысықтың етімен тамақтандырған ер адамға қылмыстық іс қозғалды
Ол балаларды 2021 жылы асырап алған, сол уақыттан бері жұмысқа салып, тіпті жуынуға да мүмкіндік бермепті.
Отбасы кішкентай, іші қап-қара, лас үйде тұрған, деп жазды Otyrar.kz.
«Балалар қатты арық. Бұрын соғыс кезіндегі концлагерьдегі балалар сияқты болып қалған. Балалардың денесі көгерген, қызарған. 5-еуі сөйлей алмайды.
Өйткені оларды түнде ұйықтаған кезде үстін қасымасын деп аяқ-қолын байлап қояды екен. Себебі жуынбаған», – дейді Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева.
Балалардың айтуынша, оларға ит-мысықтарды сойып берген. Сарайдан байлаулы тұрған 3 мысық табылған.
Балалардың үлкені балалар үйінің басшысына хабарласып көмек сұраған. Қазір 4-еуі бөбектер үйіне табысталса, екеуі балалар үйіне орналастырылған.
Отправить комментарий