ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒЫС КЕРУЕНІ» ЖҮРІП ӨТТІ
Бұл күн – тек алғыс білдірудің ғана емес, еліміздегі тыныштық пен үндестіктің, бейбітшілік пен келісімнің мерекесі.
Шымкент көшелерін ән мен күйге бөлеген керуен бірлік пен татулықты, ізгілік пен мейірімділікті насихаттады. Шеру Әл-Фараби алаңынан басталып, Бауыржан Момышұлы және Желтоқсан көшелері арқылы жүріп өтіп, «Достық» үйінің алдына келіп тоқтады. Символикалық шеруді тамашалаған қала тұрғындары бір-біріне құрмет пен ризашылықтарын білдіріп, алғысын жаудырып жатты.
Алғыс айту күні мұндай форматта қалада осымен екінші жыл өткізіліп отыр. «Алғыс керуеніне» қаладағы 500-ге жуық мәдениет және өнер саласының қызметкерлері қатысты.
Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының алдында «Алғыс» қорының табыстау рәсімі мен «Мың алғыс» атты театрландырылған қойылымдар мен концерттік бағдарламалар ұсынылды. Шара барысында түрлі этномәдени бірлестіктер өнер көрсетіп, көпұлтты халықтың татулығы мен бірлігін паш етті.
Мерекелік іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, Қазақст
Отправить комментарий