Шымкентте полиция басшысының орынбасары әріптесін зорлады деген ақпарат тарады

Шымкенттегі аудандық полиция басшысы әріптесін зорлады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Azatnews.kz тілшісі.

Желіде Шымкентте болған сұмдық жағдайға қатысты ақпарат тарап, елдің жағасын ұстатты. Еңбекші аудандық полиция басшысы Ерлан Жұмановтың үстінен әріптесі арыз жазған. Жазбада жәбірленушінің жүкті болып қалғаны айтылған. “Зорлау” бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны анық болды. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша тіркеліп, тергеуді Тұран ауданының полиция басқармасы жүргізіп жатыр. Сараптамалар тағайындалған.

«Әйел адамның шағымы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала дерек бойынша, жәбірленуші мен күдікті бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Тергеу аяқталғаннан кейін заңға сәйкес шешім қабылданады»,  деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаменті.

Отправить комментарий