Шымкентте жоғалған оқушы қыздан бір аптадан бері хабар жоқ

Арайлым Ермекбайдың жоғалғанына бір аптадан асты. Оқушы қыз соңғы рет «Алаш» базарының маңынан таксиге отырып, содан кейін байланысқа шықпаған. 

Полицейлерден күдерін үзген анасы халықтан көмек сұрап отыр.

Анасының айтуынша, қызының оғаш қылығы болмаған. Сабаққа барып, қосымша курсқа қатысқан. Ара-тұра Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылынан Шымкентке барып жұмыс істеген.  Соңғы рет 21 қаңтарда 20:30 шамасында анасына хабарласып, «Алаш» базары маңындағы кафеде телефонын қуаттап жатқанын айтқан. 1,5 сағаттан кейін таксиге отырғанын айтып, сол жерде байланыс үзілген.

👮‍♂️ Шымкент полиция департаменті іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Халықтан кез келген ақпарат болса, хабар беруін сұрайды.

📞 Байланыс нөмірлері:

📲 102

📲 8 747 385 98 11

Отправить комментарий