Сот Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz Qazaqstan» бірлестігін таратты

Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған экономикалық соты шешім шығарған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешімін қабылдап, қанағаттандырды. Сотқа Әділет департаменті шағымданған. Заңды тұлға 2021 жылы 11 қазанда мемлекеттік тіркеуден өткен. Бірлестіктің құрылтайшысы 10 адам. Қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізіліп, 10 құрылтайшының 9-ның атынан құрылтай құжатына Перизат Қайрат қол қойғаны анықталды, 

– делінген сот хабарламасында.

Сондай-ақ ол су тасқынынан зардап шеккендер мен Палестина тұрғындарына көмек ретінде жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

Previous post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында көктемгі су тасқынына дайындық шаралары кеңінен талқыланды. Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар сараланды.Түркістан облысындағы көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары тұрақты жүргізілуде. Жағдай – тұрақты.✔️Нұралхан Көшеров жағдайды қатаң бақылауға алуды тапсырды. Инженерлік техникаларды үнемі дайындықта ұстауды, «Шардара» және «Бөген» сияқты көлемі 80 пайыздан асқан су қоймаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, су өткізу жүйелерін ұдайы таза ұстауды, таулы аумақтағы дайындықты күшейтуді жүктеді.✔️Жиында су тасқынына дайындық іс-шаралары туралы Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Төлешевтің баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, тәуліктік кезекшілік штабы ұйымдастырылған. Аймақтағы төтенше жағдайларға және су шаруашылығы нысандарына тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді. Өзендерде судың өтуі орта деңгейден төмен ағуда. Су қоймалардың толуы 37 %-ды құрап отыр. Сырдария өзенінің жағдайы тұрақты бақылауда. «Шардара» су қоймасынының толу деңгейі 87 % болса, «Көксарай» су реттегішінің толу деңгейі – 33 %.✔️«2024-2025 жылғы қыс-көктемгі су тасқынына қарсы инженерлік іс-шаралар» жоспарында 39 іс-шара бекітіліп, оның 30-ы толық аяқталған. Нәтижесінде, Арыс қаласы, Келес, Сарыағаш, Төлеби, Сайрам, Сауран аудандарындағы 95 шақырымға жуық қашыртқы арналар механикалық тазалаудан өткізілді. Сарыағаш қаласында каналдардың 350 метрі бетондалды. Сонымен қатар 46 шақырым өзендерде арна түзету және жаға бекіту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Сайрам ауданында Арыс өзенінде 2,5 шақырым, Сауран ауданында Жаңақорған өзенінде 15 шақырым, Құрсай өзенінде 8 шақырым, Тастақсай өзенінде 2 шақырым, Қарашық өзенінде 18,7 шақырым арна түзетілді. Сауран, Отырар аудандарында каналдардың бас жағына 5 тоспа орнатылды.

Отправить комментарий