Су тасқыны: 4 мың адам әлі эвакуациялық пунктерде тұрып жатыр

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанда бұрын-соңды болмаған су тасқынынан экономикаға, инфрақұрылымға залал келген. 

«120 мыңнан аса адам эвакуацияланды, 67 570 адам өз үйіне оралды. Бүгінде 3 952 адам – эвакуациялық пунктерде. 12 мың тұрғын үй мен 20 мың саяжайды су басты. 98 үй әлі су астында», — деді Олжас Бектенов Парламенттің бірлескен отырысында.

Отправить комментарий