«Сүттің литрі – 2800, картоптың келісі – 1300 теңге»

Павлодарда балабақшалар азық-түлікті қымбатқа алмақ болған. 

Мәселен, №23 бөбекжай мемлекеттік сатып алу порталында 18 000 литр сүтті 50 620 500 теңгеге сатып алу туралы хабарландыру жарияланған (литрі 2 812 теңгеден). 

Алайда осыған ұқсас сүттің орташа бағасы – литрі 345 теңге.

44 410 500 теңге бюджет қаржысы негізсіз жұмсала жаздады.

Ал №102 бөбекжай 19 455 783,6 теңгеге, яғни келісі 1340 теңге болатын 14 520 кг картоп сатып алмақ болған. 

Қала дүкендерінде картоптың әлеуметтік дүкендердегі құны 120 теңге, ал жекеменшік дүкендерде 380 теңгеден аспайды.

Отправить комментарий