Сырдария мектебі – сапалы білім мен білікті басшылықтың айқын үлгісі

Бүгінде білім беру саласының дамуы ең алдымен ұжымның кәсібилігі мен басшылықтың іскерлігіне байланысты. Осы тұрғыда Шардара ауданы, Қоссейіт ауылындағы Сырдария жалпы білім беретін мектебі – үлгілі білім ордаларының бірі саналады.

Screenshot

Мектеп директоры – Алекенова Гаухар Шарапханқызы өз ісіне адал, жоғары білімді, тәжірибелі басшы. Ол 1984 жылы дүниеге келген. Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Ағылшын және неміс тілі» мамандығы бойынша қызыл дипломмен тәмамдаған.

2009 жылы Академиялық инновациялық университетте магистратураны аяқтап, ағылшын және неміс тілдерінің магистрі атанған.

Бүгінде  Гаухар Шарапханқызы Сырдария жалпы білім беретін мектебін жоғары деңгейде басқарып, білім сапасын арттыруға, мұғалімдердің кәсіби дамуына және оқушылардың жан-жақты қалыптасуына зор үлес қосып келеді.

Screenshot

Мектептегі оқу ісін жүйелі түрде ұйымдастырып отырған білікті маман – Әділбекова Айман Өзтайқыз, Сырдария жалпы білім беретін мектебінің оқу ісі меңгерушісі. Ол оқу үдерісінің сапалы жүргізілуін, оқу жоспарларының уақытылы орындалуын, мұғалімдердің әдістемелік жұмыстарының жүйелі болуын қамтамасыз етіп келеді. Ұжым арасында беделді, жауапкершілігі жоғары, талапшыл басшы ретінде танылған.

 

Screenshot

Ал бейіндік оқыту ісі жөніндегі директордың орынбасар-  Бектасов Бақтыгүл Айдарханқызы оқушылардың кәсіби бағдарын айқындау, бейіндік пәндердің сапалы оқытылуы бағытында нәтижелі еңбек етуде. Ол оқушылардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларын болашақ мамандыққа бағыттауға ерекше көңіл бөледі. Ұйымдастырушылық қабілеті мен жаңашыл көзқарасы арқылы мектептің білім сапасын арттыруға өз үлесін қосып келеді.

Screenshot

Сырдария жалпы білім беретін мектебі 1969 жылы салынған, ал 2021 жылы күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай жаңартылған. Бүгінде мектепте:

  • 117 мұғалім,
  • 58 кіші қызметкер,
  • мектепалды даярлық тобында 56 бала,
  • жалпы саны 765 оқушы білім алуда.

Материалдық-техникалық базасы нығайған, білікті мамандармен қамтылған бұл білім ордасы — ауыл балаларына сапалы білім мен саналы тәрбие беріп отырған іргелі оқу орны.

Осындай білікті басшылар мен тәжірибелі ұстаздардың бірлескен еңбегінің арқасында Сырдария мектебі алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жетері сөзсіз.

Отправить комментарий