Түркістан облысында балабақша басшылығы даун синдромына шалдықққан баланы қабылдаудан бас тартқан

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкіліне даун синдромына шалдыққан бүлдіршіннің анасы шағымданған. Оның айтуынша, ұлын Отырар ауданындағы балабақшаның инклюзив тобына қабылдамай жатыр. 

Өкіл бұл мәселеге араласып, бүлдіршіннің құқығын қорғауға көмектесті. Осы факті бойынша уәкілдің өңірдегі өкілі Отырар ауданының прокуратурасына ұсыныс жолдады.

Cоғында бүлдіршін балабақшаға қабылданып, оның құқығы қорғалды.

Отправить комментарий