Таразда 16 жастағы оқушы өгей әкесінен бала туды

Перинаталдық орталық бұл жағдай туралы полицияға хабар берген. Тергеу барысында 54 жастағы өгей әке күдікті ретінде танылды. Бастапқыда ол кінәсін мойындамаған, алайда екі рет жүргізілген ДНҚ сараптамасы оның әкелігін растады .

Қылмыстық іс қозғалды.

Жамбыл облыстық ПД мәліметінше, күдікті ұсталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі («Кәмелетке толмағанды зорлау») бойынша тергеу басталды. Оған қоса, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр және кінәсін толық мойындады. Тергеу жалғасуда. Жәбірленушіге психологиялық және медициналық көмек көрсетілуде.

Отправить комментарий