Таразда 5 қабатты үй өртеніп, 23 тұрғын эвакуацияланды
Бұл туралы Қалалық Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді.
Бүгін таңертең Абай көшесінде бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің үшінші қабаттағы пәтерде үй заттары өртенді. Жедел келген өрт сөндірушілер шағын алаңдағы өртті сөндірді. Баспалдақ маршымен жоғарғы қабаттан 20 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды,
– делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрт орнында ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері жұмыс істеген. Зардап шеккендер жоқ.
Отправить комментарий