Тарихи жеңіс! Қазақстан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында алғашқы алтынын алды

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары алтыннан алқа тақты.

Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы техникалық бағдарламада чемпион атанып, әнұранымызды шырқатты. Ұлттық құраманың қос спортшысы финалда 228,0050 ұпай жинады. Төрешілер бағдарлама қиындығы жағынан олардың өнерін жоғары бағалады (31.5000 балл). 

▪️Қазір Қазақстан жалпы есепте 1 алтынмен 5-орынға көтерілді. Көш басында Қытай тұр. Қазір Қатарда 17 мемлекет жүлдеге ие болды.

Отправить комментарий