Тоқаев үш жаңа заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 3 заңға қол қойды, деп хабарлайды Azatnews.kz.

Мемлекет басшысы:

1. «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына,

2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексі),

3. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Отправить комментарий