Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте күзгі ағаш егу науқаны мен «Жасыл белдеуді» дамыту бағытындағы жұмыстар талқыланды. Өңір басшысы облыстың елді мекендерін көгалдандыру, күтіп-баптау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

– Ағаш отырғызуда кемшіліктер бар. Егер де суғару жүйелері жоқ болса, онда ағаш отырғызудың қажеті жоқ. Тұрақты суғарып, күтім жасау керек. Егілген ағаштар жерсіне ме жоқ па соны да қадағалап, осы іспен айналысыңыздар. Бүгінгі күнге дейін қанша ағаш егілді? Оның ішінде қаншасы өнгені туралы мәлімет әзірленіп ұсынылсын. Сондай-ақ «Жасыл белдеуді» ұлғайту мен көгалдандыру жұмыстары күшейтілсін, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Мәжілісте Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауында республика бойынша елді мекендерде 15 млн. көшет егу тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдары Түркістан облысында 1,1 млн көшет отырғызу жоспарланған. Осыған байланысты «Түркістан облысының елді-мекендерін көгалдандырудың 2022-2025 жылдарға арналған Кешенді іс-шара жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес, облыстың елді мекендерін көгалдандыруға 2024 жылдың көктем айларында 491 106 түп көшет егілді. Биылғы жылдың күз айында 467,5 мың түп көшет отырғызу көзделіп отыр. Бүгінгі таңға 438 970 түп көшет босатылды.

Previous post

Қазақстан билігі орыс тілін дамытуға 131 миллион теңге бөлмекші.Мәжіліс «орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы шартты» мақұлдады. Бұл туралы Azatnews.kz тілшісі хабарлайды.

Next post

Түлкібас ауданы әкімдігі және Састөбе поликлиникасы қоқыстарды арнайы қоқыс аумағына жөнелтпей елді мекен ішінде жағып жіберуде.

Отправить комментарий