Түркістан облысында 1000 адамға жұмыс беретін зауыттың құрылысы басталды

Созақ ауданында «Саутс-Ойл» компаниясының «Созақ фосфат» инвестициялық жобасы аясында фосфор тыңайтқыштарын өндіретін зауыттың капсуласы салынды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бұл бастамаға қолдау білдірді.

– Президент экономикамызды әртараптандыру және өндірісті дамыту міндетін қойды. Бұл зауыт фосфор қалдығын өңдеп, ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыштар шығарады. Нәтижесінде, импортқа тәуелділік азайып, азық-түлік бағасының тұрақтылығына оң әсер етеді, – деді ол.

Жобаны «Саутс-Ойл» және «China Tianchen Engineering Corporation LTD» компаниялары бірлесіп жүзеге асырады. Капсула салу рәсіміне компания басшылары Серікжан Сейтжанов пен Лян Цзюньсян қатысты.

Отправить комментарий