Түркістан облысында білім және денсаулық сақтау нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Әкім орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жауаптыларға жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды.
Биыл 41 мектепте жөндеу жүргізілмек. Өткен жылы басталған 50 мектептің 26-сы пайдалануға берілді, қалған 24-ін тамызға дейін аяқтау жоспарланған. 2025-2027 жылдары 115 мектеп жаңғыртудан өтеді. Барлық жұмыс қатаң бақылауда болмақ.
Отправить комментарий