Түркістан облысында қарауылдан 2,4 мыңнан астам «Трамадол» таблеткасы тәркіленді
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысының полициясы трамадол дәрісін тасымалдаған күдіктіні ұстады. Ордабасыауданында полиция қызметкерлері Арыс ауданытұрғынының басқаруындағы Toyota Camryавтокөлігін тоқтатты.
Тінту кезінде жедел уәкілдер автомобиль салонынан 120 трамадол таблеткасы бар 4 полиэтилен пакетін тәркіледі. Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерінен психотроптық заттаблеткалары бар тағы 1 пакет табылды. Алынған препараттың жалпы саны – 2416.
Белгілі болғандай, Арыс ауданындағы медицина мекемелерінің бірінде қарауыл болып жұмыс істеп, дәрігер беретін рецепт бланкілерін пайдаланып, «Трамадолды» сатып алу үшін Шымкент қаласына барған. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгітергеу жүргізілуде және барлық мән-жай анықталып жатыр.
Отправить комментарий