Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 140 шетелдік елден шығарылды
Түркістан облысының аумағында жедел алдын алуіс-шарасын өткізу барысында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 270-ке жуық шетелдіктіанықтады. Оның ішінде 140 шетелдік азамат сот шешімі бойынша елден шығарылды.
Сондай-ақ іс-шара аясында тәртіп сақшылары 50-ден астам автокөлікті тексеріп, жолаушылардызаңсыз тасымалдаумен айналысқан 4 шетелдіктіанықтады. Көші-қон заңнамасын бұзушыларға әкімшілік шара көріліп, жиналған материалдарсотқа жолданды.
Бұдан басқа шетелдік жұмыс күшін тиістірұқсатсыз заңсыз пайдаланғаны үшін, сондай-ақ ҚР көші-қон саласындағы заңнаманы бұза отырып, шетелдіктерге тұрғын үй бергені үшін Қазақстанның 50-ге жуық азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Такси жүргізуші — заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасықоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, жолаушыларды заңсыз тасымалдауменайналысатын шетелдік азаматтарды анықтауға бағытталған.
Отправить комментарий