Түркістан облысында қоғам тыныштығы үшін қалтқысыз қызмет еткен подполковник марапатталды

Түркістан облысында қоғам тыныштығы үшін қалтқысыз қызмет еткен подполковник марапатталды,-деп хабарлайды Azatnews.kz тілшісі.

Түркістан облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция подполковнигі Сәруар Шоқан Пернебайұлы Ішкі істер министрлігінің марапатына ие болды. Оған Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2025 жылғы 18 маусымдағы №366ж/қ бұйрығы негізінде «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.

 

Сәруар Шоқан Пернебайұлы — ішкі істер органдарында табанды еңбек етіп келе жатқан кәсіби маман. Ол 1998 жылы қызмет жолын бастаған. 2000 жылы ҚР ІІМ Шымкент заң колледжін аяқтағаннан кейін, құқық қорғау саласындағы сан түрлі бағыттарда абыройлы қызмет атқарды. Соңғы он жылда басшылық құрам қатарында болып, күрделі де жауапты учаскелерде жұмыс істеді. Бүгінде ол экстремизммен күрес бағыты бойынша өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етуде алдыңғы шепте жүрген жедел уәкілдердің бірі.

Қоғам қауіпсіздігін сақтау — жай ғана міндет емес, бұл күн сайын қауіппен бетпе-бет келуді талап ететін абыройлы да ауыр миссия. Подполковник Сәруар Шоқан осы жолда ерінбей еңбек етіп, өз ісіне адалдық танытып келеді. Оның әріптестері арасында беделі жоғары, азаматтар арасында сенімі зор.

Марапат — тек жетістіктің емес, адал еңбектің, қайсарлық пен табандылықтың белгісі. Бұл медаль — офицердің қызметтік жолындағы талмай төккен терінің лайықты бағасы.

Мұндай мамандардың арқасында ел тыныштығы сақталып, заң үстемдігі нығая түсуде. Подполковник Сәруар Шоқан сынды адал қызметкерлер — құқық қорғау саласының тірегі, жас офицерлерге үлгі.

Бердалы ОРАЗ

Отправить комментарий