Түркістан облысында «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

Түркістан облысы Төлеби ауданында Ішкі істер қатарында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған полиция полковнигі Бахтыбай Бейсембаевтың атына «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды. 

Шараға полиция департаментінің тәрбие және кадр саясаты басқармасының бастығы Мақсат Асқаров, полиция департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров және ауданның полиция басшысы Бауыржан Зиятаев, оқушылар мен ата-аналары қатысты. 

– Еліміздің барлық өңірінде, жергілікті жерлерде «Жас сақшы» полиция сыныптары ашылып жатыр. Полиция сыныбын құру –Ішкі істер министрлігінің жастарды патриотизм мен отанға дегенсүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп ортасындақұқық бұзушылықтың алдын алу мен мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған үздік жобасы, – деді Мақсат Асқаров. 

Сыныптың ашылу салтанатында мектептің 11-сынып оқушыларынан 21 оқушы ант беріп «Жас сақшы» қатарына қосылды. Жиын соңында Бауыржан Зиятаев балаларды Отанға дегенсүйіспеншілік пен патриоттық рухты тәрбиелеуде бұл полиция сыныбының ықпалы орасан зорекендігін айтып, жас өрендерге сәттілік тіледі.

Отправить комментарий