Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылаған жиын өткізді. Әкім медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, тегін қызметтер туралы халықты ақпараттандыру және тұрғындарды келісімінсіз медициналық мекемелерге тіркеуді жою жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Облыста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен 83% тұрғын қамтылған, бұл көрсеткіш бойынша аймақ республикада көш бастап тұр. Сондай-ақ биыл Түркістанда 570 орындық көпсалалы аурухана мен Сарыағаш және Ордабасы аудандарында екі перинаталды орталықтың құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.
Отправить комментарий