Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран емханасының жұмысымен танысты
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапары барысында аудандық емхананың қызметімен танысып, дәрігерлермен еркін пікір алмасты. Әкім денсаулық сақтау саласындағы сапаны арттыруға, медициналық қызметтердің тиімділігін жетілдіруге ерекше назар аударды.
– Мемлекеттің өркендеуі халықтың денсаулығымен тығыз байланысты. Сондықтан облыс деңгейінде медицина саласына тұрақты қолдау көрсетілуде. Тұрғындардың денсаулығын жақсарту үшін жүйелі жұмыстарды жалғастыру қажет. Барлықтарыңызға табыс тілеймін, – деді Нұралхан Көшеров.
Кездесу барысында әкім емханадағы емделушілердің де пікірін тыңдап, олардың ұсыныстарын ескерді.
Отправить комментарий