Түркістан облысының бас полицейі тұрғындарды қабылдады
Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов азаматтарды жеке қабылдап, полиция қызметінің сапасын бағалады. Құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз ету және халықтың мәселелерін тыңдап, шешім табуға көмектесу мақсатында ол әр аптаның сәрсенбісінде тұрғындармен кездеседі.




Осы аптадағы қабылдауға Түркістан мен Кентау қалаларынан, сондай-ақ Ордабасы, Түлкібас және Қазығұрт аудандарынан келген азаматтар қатысты. Кездесу барысында олар тергеу әрекеттері, әкімшілік хаттамалардың дұрыс толтырылуы және алаяқтық қылмыстарына қатысты сауалдарын қойды. Облыстың бас полицейі әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, жауапты қызметкерлерге заң аясында тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.
Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауап алды. Кездесу соңында Мұрат Қабденов 17 ауданның полиция басшыларына өз аймақтарындағы тұрғындармен жиі кездесіп, олардың мәселелеріне жедел назар аудару керектігін ескертті.
Отправить комментарий