ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ЖҰМЫСЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ
ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ЖҰМЫСЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ
ҚР Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова Түркістанға сапарлап келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Ботаникалық бағындағы жұмыстармен танысты. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қонақты қарсы алып, өңірдегі экологиялық және ғылыми бастамаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Сапар аясында кеңесші 88 гектар аумақта орналасқан Ботаникалық бақты аралап, сирек және дәрілік өсімдіктерді зерттеу, интродукция бағытындағы ғылыми жұмыстармен танысты. Мұнда 127-ден астам өсімдік түрі өсірілуде.
Кеңесші мен облыс басшылығы бақ аумағына көшет отырғызып, естелік белгі орнатты. Сондай-ақ жеміс-жидек өңдейтін цехтың жұмысымен танысып, экологиялық таза өнім сапасына оң баға берді.
Ғалымдармен кездесу барысында Зүлфия Сүлейменова экологиялық мәселелер мен биоәртүрлілікті сақтау, жастарды ғылымға тарту бағытында пікір алмасты. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биологиялық ресурстарды сақтау бастамасына тоқталып, Түркістандағы бақтың тәжірибесін өзге ЖОО-ларға енгізу қажеттігін атап өтті.
Сүлейменованың айтуынша, республикада 6 ботаникалық бақ болса, университет жанынан ашылған мұндай құрылым – жалғыз. Осы сапар арқылы ол бақтың ғылыми және экологиялық әлеуетін оң бағалап, университет ұжымының еңбегіне ризашылығын білдірді.
Отправить комментарий