ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ЖАҒАЖАЙ ЖАҢАРТЫЛЫП, ТУРИСТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ҚЫЗМЕТ ҰСЫНЫЛУДА

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ЖАҒАЖАЙ ЖАҢАРТЫЛЫП, ТУРИСТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ҚЫЗМЕТ ҰСЫНЫЛУДА

Түркістан облысында шомылу маусымы басталғалы жағажайлардағы қауіпсіздік пен тазалықты сақтау шаралары күшейтілді. Әсіресе Шардарадағы «Шардара» су қоймасының жағалауында орналасқан демалыс аймақтарында бұған дейін анықталған кемшіліктер жойылып, демалушылар үшін қолайлы жағдай жасалуда.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жағажайларды аралап, санитарлық тазалық пен қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді. Мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Полиция тарапынан 196 құқықбұзушылық анықталып, 36 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар 171 талапқа сай келмейтін сауда нүктесі алынса, 238 сәкі су жағасынан 50 метрге жылжытылды.

Қазіргі уақытта жағажайда 6 биоәжетхана, 160 қоқыс жәшігі, 10 киіну кабинасы қойылып, 11 техника мен 80 қызметкер тазалыққа жұмылдырылған. 16 құтқарушы бекітіліп, қалқымалы қауіпсіздік белгілері орнатылды. Сонымен бірге, бір демалыс орны бойынша сотқа материал жолданған. Кәсіпкерлер де заң аясында жауапқа тартылып жатыр.

Жалпы су қоймасының көлемі – 5,2 млрд текше метр, ұзындығы – 80 шақырым. Облыс басшысы жауаптыларға барлық мүмкіндікті тиімді пайдаланып, туристерге сапалы қызмет көрсетуді және шомылу маусымын ойдағыдай өткізуді тапсырды.

Айта кетейік, биылғы 5 айда Түркістан облысына 424 мың адам келіп, былтырғыдан 9%-ға артқан. Табиғи аумақтарға келгендер саны 58 мыңға жетіп, 2 есеге өскен. Шетелден келген туристер саны да 2 есе артып, 18 699-ға жеткен.

Отправить комментарий