ТҮРКІСТАН: ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сарыағаш және Келес аудандарының шаруаларымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Жеңілдетілген несие, тыңайтқыш пен жанар-жағармайға өтінім беру, ағын су және су арналарының жағдайы талқыланды.




Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары Ермұхан Құралбеков жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік қолдау тәртібін түсіндірді.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев су арналарының жөндеуден өткенін, механикалық тазалау жұмыстары жүргізілгенін және қосымша су беру үшін қаржы бөлінгенін атап өтті. «Шошым» және «Шаншар-құлақ» каналдарын күрделі жөндеуге қажетті құжаттар дайын.
Отправить комментарий