Түркістанда облысында өндірістік саланы дамыту қолға алынды

Түркістанда облысында өндірістік саланы дамыту қолға алынды.
Бұл туралы Түркістан облысында әкімнің, Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен, өткен кеңесте айтылды. Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуында жақсы өзгерістер байқалады. Өткен жылы облыс орталығының жалпы өңірлік өнімі 421,7 млрд. теңгені құраған болатын. Түркістанды дамыту бойынша жауапты тұлғаларға жұмыстарды жандандыруды және жаңа жобалар бойынша жұмыс бастап, оны іске асыруды тапсырды.

  • Елбасшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен әзірленген «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы жақында Парламент Мәжілісінде мақұлданды. Заңның қасиетті Түркістан қаласының одан әрі дамуына оң әсерін тигізетіні анық. Жұмысыңызды нығайтыңыздар. Тиімді жобаларды бастау қажет», — деді аймақ басшысы Нұралхан Көшеров.
    Түркістандағы өндіріс орындары көбейіп келеді. Қазіргі уақытта, қала аумағының 180 гектары Арнайы экономикалық аймақта орналасқан. Сонымен қатар, индустриалды аймақ 190 гектор жерді алып жатыр. Бұл өңірде құны 10,5 млрд. теңге болатын 21 жоба іске асырылды. Нәтижесінде мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.Сол себепті, алдағы уақытта 19 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Өндірістің дамуына үлес қосатын, мысалыға алатын болсақ, бетон бұйымдарын жасау, есіктер жасау, битум өндіру, қапталған жиһаз өндірісі, әк шығару сияқты жобалар жатады. Өндірістік саланың дамуы облыс орталығында тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қолға алынып жатыр.
    2024 жылы 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, жоспар 116,2%-ға орындалды. Тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Өткен жылы 961 пәтер ел тұрғындарына пайдалануға берілсе, биыл ел игілігі үшін 944 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Түркістанды дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастырып, жаңа жобаларды қолға алып жатыр.

Previous post

Қытайлық басылым ҚХР ШҰАР аудиторлық басқармасының жетекшісі қызметінде болған Ербол Зықанұлының 2024 жылы қазан айында Чжанье қалалық партия комитеті хатшысының орынбасары, қала әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалғанын еске салады.

Next post

Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді – ҰҚК

Отправить комментарий