Түркістанда жаңа ғимараттар бой көтеріп, қала келбеті жаңаша түрленуде! Көпқабатты тұрғын үйлер, білім беру нысандары, заманауи бизнес орталықтары мен жайлы демалыс аймақтары салынбақ. Бұл жобалар Түркістанды нағыз тартымды туристік қалаға айналдыруға мүмкіндік береді.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің айтуынша, құрылыс сапасы мен сәулет талаптары қатаң бақылауда болады. Әр жоба терең талқыланып, сәулетшілер мен сарапшылардың мақұлдауынан кейін ғана жүзеге асады.
– Түркістанды тек сәулетімен ғана емес, тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен туризмнің орталығына айналдыру – басты мақсат. Жаңа бастамалар ел игілігіне қызмет етіп, әлеуметтік және экономикалық пайда әкелуі керек, – деді өңір басшысы.
Мәжілісте 14 жаңа жоба таныстырылып, олардың әрқайсысына ерекше көңіл бөлінді. Әкімдік қаланы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын да басты назарда ұстап отыр. Түркістанның заманауи әрі тартымды қалаға айналатын күні алыс емес!
Отправить комментарий