Ұялы байланыс операторлары келісіп тариф бағасын көтерген

Бәсекелестікті қорғау агенттігі осыған қатысты тергеу бастағанын мәлім етті.

Еліміздегі үш ірі мобильді оператор – Kcell, Tele2/Altel және Beeline келісіп тариф бағасын көтерген деген күдікке ілінді.

Іс Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша қаралып жатыр. 

Тергеуге осы жылдың желтоқсан айынан бастап тарифтерді көтеруді жоспарлаған байланыс операторларының хабарламалары себеп болған.

Агенттік бір жылдағы баға динамикасына талдау жүргізетінін, содан кейін оларға құқықтық баға берілетінін айтты. 

Сізде тариф қаншалықты қымбаттаған?⤵️

Отправить комментарий