Телеграм негізін қалаушы Павел Дуров ұсталды
Вконтакте,Телеграм негізін қалаушы,әрі бағдарламашы Павел Дуров 24 тамыз күні кешке өзінің ұшағымен Францияның Ле Бурже әуежайына қонғанында ұсталды.Бұл туралы Azatnews.kz тілшісі хабарлайды.Дуровтың қамауға алынғаны туралы шетелдік ақпарат агенттіктері де жазды, соның ішінде француздық TF1 телеарнасы хабарлады.
Ресейлік миллиардерді не себепті тұтқындады?Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дуровтың елдің құқық қорғау органдарымен жұмыс істеуден бас тартуы, сондай-ақ Telegram желісіндегі контенттің жеткілікті модерациясының болмауы себеп болған екен. Осыны ескере отырып,Дуров мессенджерде орын алған заңсыз әрекеттерге, атап айтқанда: Есірткі тасымалына, терроризмге, балалар порнографиясын таратуға, алаяқтыққа және қылмыстың басқа да түрлеріне қатысы бар деген күдікке ілінді.
«Ол өз бағдарламасында әр түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың орын алуына жол берді, және бұл мәселеде ынтымақтасу үшін құқық қорғау органдарымен бірлесе ештеңе істемеді», — деді TF1 дереккөзінің айтуынша.
Отправить комментарий