Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алуға өтініш берді.
«Jusan Bank” акцияларының 97,5 пайызын сатып алуға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өтініш бердім. Қазір бұл өтінім қаралып жатыр. Реттеуші өтінімді егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін шешім қабылдайды. Бұл мәміленің Kaspi.kz компаниясына қатысы жоқ», — деп жазылған кәсіпкердің ресми мәлімдемесінде.
📌Айта кетейік, 2023 жылы Jusan қазақстандық юрисдикцияға қайтарылды.
Отправить комментарий