Жаңа жыл қарсаңындағы пиротехникаға қатысты рейдтік іс-шаралар өз деңгейінде атқарылды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Бәйдібек ауданы Ішкі істер бөлімінің басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Жұмабеков Мараттың жетекшілігімен пиротехника бұйымдарына қатысты күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізілді.

IMG_7992
Аталған іс-шара барысында полиция қызметкерлері сауда орындарын, базарларды және халық көп жиналатын аумақтарды тексеріп, пиротехникалық бұйымдардың заң талаптарына сәйкестігін бақылауға алды. Тексеру кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңсыз саудаға жол бермеу бағытында нақты шаралар қабылданды.

Рейдтік жұмыстар жаңа жыл мерекесі қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды. Полиция қызметкерлері өз қызметтерін жауапкершілікпен атқарып, қоғамдық тәртіптің сақталуына үлес қосты. Нәтижесінде мерекелік күндер тыныш әрі қауіпсіз жағдайда өтті.

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы өз міндеттеріне адалдық танытып, халықтың тыныштығы үшін аянбай еңбек етті. Жаңа жылға арналған рейдтік іс-шаралар белгіленген жоспарға сай толық аяқталып, өз деңгейінде қорытындыланды.

Отправить комментарий