Жанна Оразбақоваға қатысты қылмыстық іс қандай бап бойынша қаралып жатыр?
Белгілі адвокат Жанна Оразбақова өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша Алматыда баспасөз конференцияда пікір білдірді. Оның айтуынша, іс Қылмыстық кодекстің 423-бабы бойынша қаралып жатыр. Бұл бап сотқа дейінгі тергеу деректерін прокурордың келісімінсіз жариялағаны үшін 2000 АЕК айыппұлдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
🗨️ Адвокат ескерту құжаттарына қол қоймағанын және айыптауларды негізсіз деп санайтынын атап өтті. Алматы полициясы істің тіркелгенін растады.
Отправить комментарий