Жаркентте әскери бөлімше капитанының мәйіті табылды
Оқиға 14 қарашаға қараған түні Жетісу облысы Жаркент қаласындағы 74261 әскери бөлімшеде болған. Марқұм болған азамат — инженерлік қызмет бастығы капитан Дархан Дәулет.
Әскеридің жақындарының сөзінше, оны үш сарбаз майордың тапсырмасымен соққыға жығып өлтірген.
«Істің қай баппен қозғалғанынан, тергеу бойынша істің мән-жайынан хабарымыз жоқ. Қорғаныс министрлігі бәрін жасырын ұстап отыр. Олар тек сот-медициналық сараптама қорытындысын күтіп отыр», — дейді марқұмның әпкесі.
Ал қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бөлімше капитаны қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақ өткізу кезінде алған жарақатынан мерт болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды дейді.
Отправить комментарий