ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША РЕЙД ӨТТІ

Кентау қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүруін болдырмау мақсатында кезекті рейдтік шара өтті. Іс-шараны Кентау қаласының Полиция бөлімі мен “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастырды.

Тексеру барысында ойын-сауық орталықтары, кафелер, саябақтар мен тұрғын үйлердің аулалары қамтылып, жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтар анықталған жоқ. Мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Отправить комментарий