ЖАСТАР БОЛАШАҒЫ – ЕСІРТКІСІЗ ӘЛЕМ
Сайрам ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудан аумағында есірткі өндірісінің жасырын зертханаларын анықтау және есірткі жарнамаларының (граффити) жойылуына бағытталған іс-шара өткізілді.






Аталған шараға аудандық Полиция басқармасы, Ұлттық қауіпсіздік бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және коммуналдық қызмет өкілдерінен құралған еріктілер, барлығы 100-ге жуық адам жұмылдырылды.
Қатысушылар үш негізгі секторға (Ақсу, Экспедиция, Ауған) бөлініп, бекітілген алгоритмге сәйкес іздестіру және алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде елді мекен тұрғындарына 200-ден астам ақпараттық брошюра таратылып, күмәнді жағдайлар туындаған кезде «102» жедел желісіне хабарласу қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ, есірткі қылмысының алдын алу бойынша әдістемелік түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Отправить комментарий