“Жүрегі тоқтап қалған“. 1-сынып оқушысы оқыс жағдайда мерт болды
Ақтөбеде қайғылы оқиға болды. Бұралқы итті көрген бірінші сынып оқушысының жүрегі тоқтап қалған.
Оқиға 28 ақпанда болды. 2017 жылы туған бала мектепке бару үшін үйден шығып, анасы үйдің есігін жауып келгенше күтіп тұрған.
«Анасы сол сәтте есікті жауып, құлыптап жатқан. Бала оны сыртта күтіп тұрған. Осы уақытта ит жүгіріп келіп, бала қорқып, есінен танып қалған. Кейін дәрігерлер оның жүрегі тоқтап қайтыс болғанын растады», — деді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Әлиби Латып.
Ақпаратқа сүйенсек, балақай есінен танып, содан кейін жүрегі тоқтап қалған. Өлімнің нақты себебі анықталып жатыр.
Отправить комментарий