«ҮКІМЕТ ЖАҒЫНАН ЖӘРДЕМ КЕРЕК БОЛСА БӘРІ БАР»
https://youtu.be/GHzptHsQeDY?si=8gveIWC-mGyaZuvY
Сайрам ауданы №7 Бабыр атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры Луиза Малабаева «Үкімет жағынан жәрдем керек болса бәрі бар. Тек қана бізден оқу, оқу және оқу» деп сөз бастады. Расында да Луиза Юлдашевна басқарып отырған білім ордасында барлығы бар ма? Біз зерттеу жүргізуге тырыстық.
«Бір балаға 200 грамм астан төмен тамақ берілмейді», — деді мектеп басшысы. Бізде арнайы өлшеп көрдік. Оның құрамында еттің мөлшері де бала жасына қарай 50-80 грамды құрайды дейді. Жауапты қызметкердің сөзіне сүйенер болсақ етті мектеп асханасына жеткізу барысында лицензиясы бар өнімді барлық талаптары сақталған, арнайы көлікпен мектеп асханасына жеткізеді.
Осы оқу жылында спорт залдың едені де ауыпты. Бұл жаңашылдық үшін жергілікті бюджеттен 8 миллион 900 мың теңге қаражат бөлінген. 1980 жылы қолданысқа берілген мектептің жалғыз жаңалық бұл емес. Биология, химия, физика кабинеті заман талабына сай етіп жаңартылып, салаға қажетті құрал жабдықтар сатып алынған. Солардың бірі биология кабинетін толық жасақтау үшін 17 миллион теңге қаражат жұмсалған.
Мектепте арнайы логопед маманына да жақсы жағдай қарастырылған.
Жылу қазандықтарына жауаптылар да ешқандай мәселенің жоқ екендігін алға тартып отыр. Сынып бөлмелері 20-22 градусты көрсетіп тұр.
136 мұғалімді жұмыспен қамтып отырған, сондай-ақ 1079 шәкірті бар білім ошағы туралы аудандағы үлкен мектептердің бірі болып есептеледі.
Отправить комментарий