АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА 54 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН МЕКТЕПТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ?

https://youtu.be/SkVN0G5APPk?si=ukAA51bnx3ocDywe
Сайрам ауданы №97 Сұраншы батыр атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазіргі таңда 712 бала білім алып жатыр. Қазақ және орыс сыныптарын қамтитын білім ұясында жалпы есеппен 193 мұғалім қызмет атқарады.
Жаңа оқу жылының қарсаңында мектеп күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен. Дәлірек айтқанда, мектеп шатырлары ауысып, спорт зал жаңартылған. Сондай-ақ сынып бөлмелелеріндегі жарық жүйелері жаңартылды. Жарық әрі заман талабына сай жабдықталған жаңа спорт залда оқушылар енді алаңсыз сабақ өте алады.
Мектеп басшысы Айымторы Жүсеева « Көпұлтты мектеппіз деп айтуға толық негіз бар. Алайда бұл балалардың арасында достық қарым-қатынас орнатуына кедергі болған емес. Осы жыл мектеп қабырғасынан 4 сыныптың оқушылары түлеп ұшады. Бұлардың ішінде 6 оқушымыз алтын белгіге үміткер. Білім ұямыз қай жағынан болмасын жоғары белестерді бағындырып отыр» дейді.

Отправить комментарий