Ақтөбе облысында ақтүтек боранда нанды 1300 теңгеден сатқан

Самара – Шымкент тас жолында үш күн бойы тұрған көлік жүргізушілері ауыл әкімінің келуін талап етті, деп хабарлады КТК.

Жүзге жуық көлік бораннан жолдың жабылуына байланысты не әрі, не бері өте алмаған. Осы кезді пайдаланған пысықайлар бір бөлке нанды 1300 теңгеден саудалапты. 

Ал жол бойындағы дәмханалар мен демалыс орындары ас атасын 160-185 теңгеден асырмаған. Мұны жүргізушілер де растап отыр.

Отправить комментарий