«МӘМС-тің қосылғанына 5 жыл болса да нәтиже жоқ» — Тоқаев

Педагогтер мен медицина қызметкерлерінің беделін арттыруға баса мән берілді. Енді азаматтарға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту қажет; 

? Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына бес жыл болды. Содан бері  бұл саланың бюджеті 2 есе артты. Биыл  2,6 триллион теңге бөлінеді. Алайда, медициналық көмектің сапасы артты деп айта алмаймыз; 

? «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 655 нысан салу жоспарланды, бірақ тек 85-і ашылған.  Жобалық-сметалық құжаттар тым баяу әзірленді, құрылыс ұзаққа созылды  немесе нысандардың құны қымбаттап кетті деген себептер айтылып жүр. Мұның қай-қайсысы да – құр сылтау 

Отправить комментарий