Жамбыл облысында мамырда әскерге өз еркімен аттанған сарбаз жансақтау бөліміне түсті
Жақындарының сөзінше, жігіттің денесінде соққы іздері бар. Бірақ ауруханада оған “полисегментальды пневмония” деген диагноз қойылған.
«29 маусымда ант қабылдауы керек еді. Бір ай ғана өтті. Бұл іске көз жұма қарамауды сұраймын. Тергеу тыңғылықты жүргізіліп, назар аударса деймін», — дейді ол.
Ал Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше сарбаздың жағдайы ауыр.
«Науқас клиникалық өлімді бастан кешкен. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, көптеген мүшелер жеткіліксіздігі байқалады. Атап айтқанда, тыныс алу, жүрек, бауыр, церебральды және инфекциялық токсикалық шок белгілері бар. Гемофильтрация және дәрі-дәрмекпен емделеді», — делінген хабарламада.
Отправить комментарий