Кәрім Мәсімов президент Тоқаевтан кешірім сұрады

Мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов кешірім жасау туралы өтініш білдірді. 

Қазіргі таңда Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отыр.

«Шынында да, осы мекемеден ол 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдады», – деп хабарлады ҰҚК.

Отправить комментарий