Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінің 42 жастағы сержанты сарбаздарға темекі тұқылын жеуге бұйрық бергені үшін сотталды.

🔹 Оқиға қалай болған?

Медициналық рота аумағын тазарту кезінде сержант жерде жатқан темекі тұқылдарын көріп, екі сарбазға оларды жеуді бұйырған. Бірі айтқанын орындап, кейін тамақтан уланғанын айтып шағымданған.

Келесі күні сержант тағы да сол сарбаздарды шақырып, олардың бірін бірнеше рет тепкілеген.

🔹 Сот процесі қалай өтті?

⚖️ Сержант кінәсін мойындамай, сарбаздарға тек ескерту жасағанын айтты. Соққыға жығылған сарбаз: «Сержант мені ұрып, темекі тұқылын жеуге мәжбүрледі» деп мәлімдеді.  Екінші сарбаз: «Ешқандай қысым көрмедім, улану бәліштен болды» деп жауап берді.

Сержанттың билікті асыра пайдаланғаны дәлелденді. Оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы берілді. Оған қоса, жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбек етуге міндеттелді.

Отправить комментарий