Алматы әкімдігі туризмді дамыту үшін блогерлер мен жарнамаға 1,2 миллиард теңге бөлмек

Алматы әкімдігі блогерлерді шақыру, имидждік бейнероликтер, Expedia және Tripadvisor платформаларында жарнама жасау, сондай-ақ туристік әлеуетті арттыру мақсатында брошюралар дайындау үшін 1,2 миллиард теңге жұмсайды. 

«Бұл бағыттардың әрқайсысы туристер мен инвесторларды тартуға және Алматыға халықаралық қызығушылықты арттыруға ықпал етеді», – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Отправить комментарий