АЛМАТЫДА БАЛАЛАР МІНГЕН АВТОБУС АПАТҚА ҰШЫРАДЫ

Алматы облысы Кемерторған ауылында 5 ақпанда сағат 20:10 шамасында жүргізуші салонында балалары бар мектеп автобусын жүргізіп келе жатып, рульді басқара алмай, электр бетон бағанасына соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлікке механикалық зақым келген. Электр бетон бағанының иесіне материалдық залал келді. Сотталушының кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарымен, сотталушының айғақтарымен және басқа да объективті дәлелдермен толық дәлелденді және расталды. Жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу лицензиясынан айырылды.

“Azatnews” ақпараттық агенттігі

Отправить комментарий